Ашық есік күні

1056

0

         Қызылорда станциясы желілік полиция бөлімінде ағымдағы жылдың  31-ші наурызында  «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды.

         Іс-шараның мақсаты – полиция қызметінің ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ете отырып бұқара халықпен жақындастыруға, ішкі істер органдарының қызметін дәріптеп, Отанға қызмет етемін дейтін жастардың қатарын көбейтуге, жастарды полиция қатарына тарту, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін полиция қызметін халыққа таныстыруға бағыттау болатын.

         «Ашық есік күнін» ұйымдастырудағы негізгі мақсат – өскелең ұрпаққа  ішкі істер органдары қызметкерлері жайлы дұрыс көзқарасты қалыптастыру, олардың күнделікті қызметі жайлы халық арасында алып қашпа ойлардың таралуынажол бермеу, яғни дұрыс түсінік қалыптастыру.

         Бұл іс-шара Қызылорда ст. ЖПб-нің кадр саясаты тобы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өтті.

         Шара аясында Қызылорда қаласының № 6 орта мектебінің бітіруші сынып оқушыларына Қызылорда станциясы желілік полиция бөлімінің кешегі мен бүгінгі тарихымен және бөлімнің барлық ғимараттарын аралап полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысымен етене танысты.

         Танысу барысында, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіздік шаралары жайлы мағлұматтар берілді.

         Ашық есік күніне қатысушы оқушылар өздерінің полиция қызметіне деген қызығушылықтарын айтып, кейбірі болашақта осы бөлімде қызмет ету үшін қандай оқу орнына бару керектігі жөнінде ақпарат алысты.

         Жоғары деңгейде ұйымдастырылған кездесу ұзаққа созылып, оқушылар жақсы көңіл-күймен тарқасты.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<