Атқарушылық іс жүргізудің негізгі принципі – заңдылық

1540

0

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының (әрі қарай – Заң) 2 бабының талаптарына сәйкес, атқарушылық іс жүргізудің міндеттері – азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот шешімдерінің, ұйғарымдардың, нұсқамалар мен қаулылардың, мүліктік өндіріп алу бөлігінде қылмыстық істер бойынша үкімдер мен қаулылардың, сондай-ақ өзге де органдар қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды міндетті түрде және уақытылы қолдану болып табылады. 

             Қызылорда қаласының №3 сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімімен атқарушылық іс жүргізу тиісті деңгейде атқарылып келеді.  Жыл басынан бері  бөлімге  53  мүлікті мемлекет пайдасына тәркілеу туралы  соттың атқару парақтары түсіп заң талаптарына сай атқару өндірістері қозғалып, уақытылы орындау шаралары жүргізілді.  Сот орындаушыларының басты міндеттерінің бірі атқару парағының  орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мәжбүрлі орындату шараларын уақытылы жүргізу. Бұл орайда жеке сот орындаушылардың ұсыныстары бойынша жыл басынан бері Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің талаптарына сәйкес,  сот шешімін орындамаған борышкерлерге қатысты бөліммен 41 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, сот шешімімен әкімшілік жазалар қолданылды.                         Қазіргі қоғамдағы өзекті проблемалық мәселелердің бірі борышкерден алимент өндіру.  Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 124 бабында, ата аналар кәмелетке толмаған балаларын асырап бағуға міндеттілігі атап көрсетілген.  Бұл жерде ата ана некеде болуы немесе азаматтық некеде болуы, некеден ажырсақан болуы да маңызды емес. Қамқорлықта, қорғаншылықта немесе патронаттық тәрбиеде болатын балалар, сондай-ақ асырап алынған балалар да алиментке құқылы. Балаға алимент ретінде тиісті сома баланың ата-анасына немесе басқа заңды өкілдеріне түседі және баланы асырауға, біліміне және тәрбиесіне шығындалады. Алимент сот шешімімен немесе тараптардың келісімімен төленеді. Егер келісімге келу мүмкін болмаса, онда соттың шішімімен  мәжбүрлі түрде төленеді.  Алимент ата – анасының айлық жалақысының не өзге табыстарының есебінен бір балаға төрттен бір, екі балаға үштен бір, үш не одан көп балаларға тең жартысы мөлшерінде төленеді. Егер алимент төлеуге міндетті адам жұмыс істемесе немесе табысы мен өзге де кірістерін растайтын құжаттары тапсырылмаса онда алимент бойынша берешекті өндіру Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақының мөлшерінде төленеді. Егер алимент төлеуші ата-ананың жалақысы не өзге де табыстары мүлде болмаса, алимент мүлік түрінде өндіріп алынады. Егер бар мүліктерін жасырған жағдайда күшпен мәжбүрлі өндіру немесе алимент өндіруден қасақана жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Заңның 138 бабында көрсетілген қызмет негіздеріне сәйкес, қазір алимент санатындағы атқарушылық өндірістер жеке сот орындаушыларымен қабылданып, атқарылуда.          Бөлімдегі алимент санатындағы атқарушылық өндірістер бойынша алимент жүйелі өндірілуде. Заңның 3 бабына сәйкес, атқарушылық іс жүргізудің негізгі принципінің бірі – заңдылық.  Заңдылықты қамтамасыз ете отырып, бөлімнің бұл бағыттағы жұмысы жалғаса бермек.

Р.Абдиршев,

Қызылорда қаласының №3 сот актілерін

орындау жөніндегі аумақтық бөлімі

басшысының м.а. – мемлекеттік сот орындаушы. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<