Ауғанның асуында от кешкендер

664

0

Жылма-жыл ақпан айының 15-і күні біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені бұл соғыста өрімдей жас жігіттер жазықсыздан-жазықсыз құрбан болды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ауған соғысы туралы: «Ауған соғысында қыруар қаржы шығындалды, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір Кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуғатура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма? Бұл ұтылыс жоғарғы әскери команданың белгілі бір бөлігін мықтап ойлантты» – деген ойлы сөзі бар.

Бұл күн – көңілде сызы, жүректе ізі қалған ауыр да азапты жылдар мен өткенді еске алатын, естелік қылып және оны көңілге кесте қылып тоқу ғана емес, сол кездегі ана сүті аузынан кеппеген түбіт иек бауырларымызды еске алар күн деп Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының«ҚАЗАҚСТАН АРДАГЕРЛЕРІ» қауымдастығының төрағасы Б.Смағұлов еске алады.          Әрине, базбіреулер үшін бұл күн қатардағы күннің бірі ғана шығар, ал біз үшін – тарихи күн! Тағдырлыкүн!

Міне, осындай тарихи күнді еске алу мақсатында Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған№4 облыстық мектеп-интернатының акт залында мектеп-интернат кітапханасының меңгерушісі Гүлмира Қалманова мен алғашқы әскер дайындық пәнінің мұғалімі Сабит Жұмағұлов және 9- сынып кураторы Сәуле Бекжанованың ұйымдастыруымен «Ауғанның асуында от кешкендер»

 атты әдеби-сазды патриоттық кездесу кеші болып өтті. Бұл кешке Қызылорда облысының ауған соғысы ардагерлері Сыздықов Қуаныш Қалдыбекұлы және Жорықбаев Батырхан Есенбайұлы қатысты.

«Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет. Уақыт пен тарихтың мәңгі жадында қалған оқиғаларды өз басынан өткерген апаларымыз бен ағаларымыздың айтары да, бізге берер тәлімі де мол.Міне, кешіміздің қонақтары тәлімі де, тәрбиесі мол естеліктерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды.

Бұл кештің мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру болып табылады.

Кеш барысында мектеп-интернат директоры Ақышева Қарлығаш Дауылбайқызы ауған соғысы туралы ойын ортаға салып,  М.Сергеевтің «Жауынгердің хаты» атты өлеңі оқылып, сазды әнмен жалғасын тапты. Бұл кездесу кеші  оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәні зор мағыналы іс — шара болды.Кеш соңында ауған соғысы ардагерлерімен естелік суретке түсіп мектеп-интернат әкімшілігі өз ризашылығын білдірді.

Гүлмира ҚАЛМАНОВА,

Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған

№4 облыстық мектеп-интернатының

кітапхана меңгерушісі .

Сабит ЖҰМАҒҰЛОВ,

Алғашқы әскер дайындық пәнінің мұғалімі.

Сәуле БЕКЖАНОВА,

9- сынып кураторы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<