Ауыл әкімдері жастармен кездесуде

650

0

Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрман Абдрасилов және Бесарық ауылдық округінің әкімі Дәулет Сарсембаев пен Қоғалыкөл ауылдық округінің әкімі Бақытжан Рақымбеков жастардың дерекқор базасын жасақтау мақсатында адрестік жұмыстар жүргізді. Ауылдық округтерді аралау барысында ауыл жастарымен жүзбе-жүз диалогтар жүргізіп, жұмыссыз жастарға мемлекет тарапынан берілетін қолдаулар туралы ақпарат берілген.

-Ауданға қарасты Бесарық және Қоғалыкөл ауылдық округіндегі кәсіпкер жастардың қайтарымсыз гранттар мен төменгі пайызбен несие алған жұмыстары қаралып, алдағы уақытта кәсібін дамытуына болатындығы түсіндірілді. Барлық бағыты анықталған ауыл жастарымен тұрақты түрде адрестік жұмыстар жүргізілетін болады, – дейді Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Н.Абдрасилов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<