Ауыз су тарифтеріне байланысты жария тыңдау өтті

258

0

Фото: Жалағаш ауданы

Кеше Руханият орталығында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары К.Кеншембаева, «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК «Арал» СЖКБД филиалының директоры Н.Шамуратов суды магистральдық құбыр жолдары және таратушы желілер арқылы беру қызметтеріне бекітуге берілген тарифтерінің жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулар өткізді.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Әліби Байнахатов, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері мен сала басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.

«Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК «Арал» СЖКБД филиалының директоры Н.Шамуратов филиалдың жобалық орташа босату тарифі 1 текше метрге ҚҚС-сыз: суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне: 2024 жылға – 725,54 теңге, 2025 жылға – 753,38 теңге, 2026 жылға – 753,39 теңге, 2027 жылға – 777,90 теңге, 2028 жылға – 829,02 теңге, 2029 жылға – 869,21 теңгеден ұсынылғанын жеткізді.

Сонымен бірге, жария тыңдау барысында Департамент қазіргі таңда қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, «шикізат және материалдар», «жанар-жағар май», «энергия», «жалақы», «әлеуметтік салық», «ағымдағы жөндеу» және тағы басқа да баптары бойынша түзетулер қарастырылып жатқандығы айтылды.

Жалағаш ауданының әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<