Азамат — Әлем чемпионы

1199

0

Малайзия елінің астанасы Куала – Лумпур қаласында муайтайдан жастар мен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жаңа ғана бізге жағымды жаңалық жетті. Берік Қасымбеков басқаратын №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің ұланы Азамат Ахметов 56 келі салмақта жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы атанды. Азаматтың бапкері Батырхан Қабдуллаұлы Байкөжеков. Отыз бір жасында Әлем чемпионын шығарған Батырханның биік жетістігі әлі алда деп ойлаймыз. Бұл спорт түрі мектепте осыдан екі жыл бұрын ғана ашылған. Бір қызығы, Қызылорда облысы тарихында муайтайдан алғашқы Әлем чемпионы болып отыр.

Жазба Қаныбек Әбуовтің facebook парақшасынан алынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<