Азаматтарға арналған үкіметтің облыстық ұжымы театрда спектакль тамашалады

664

0

Қай заманда да театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы саналған. Бүгінде өңіріміздегі Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры пандемия қаупі сейілген соң жұмысын қайта жандандырып, түрлі жанрдағы қойылымдарды үздіксіз көрермен назарына ұсынып, халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп келеді.

Азаматтарға арналған үкіметтің Қызылорда облыстық филиалы мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының ұжымы Н.Бекежанов театрына барып, Думан Рамазанның «Абылай ханның арманы» қойылымын бірге тамашалады.

Қойылым соңында филиал қызметкерлері көрермендермен, театр қызметкерлерімен сұхбаттасып, қойылым барысы, оның идеясы, актерлік шеберліктері туралы пікірлерімен бөлісті. Ондағы Абылай тұлғасы мен насихатталған жігерлілік, қайраттылық, төзімділік секілді қасиеттер үлгі болғанын айтты.

-Мұндай іс-шараларға қызметкерлердің жиі қатысуы олардың ұжым арасындағы қарым-қатынастарын нығайтатыны сөзсіз. Бір жағынан көңіліміз сергіп, рухани азық алдық. Тарихи көрініс үшін театр ұжымына алғысымызды білдіреміз»- деді филиал директоры АйдынҚайруллаев.

Осылайша күнделікті күйбең тіршіліктен қолы босамайтын қызметкерлердің бір сәт театрда басы қосылып, рухани азық алып қайтты.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<