Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша гранттар байқауы басталды

251

0

«Samruk-Kazyna Trust» қоры 2019 жылы «ӘРЕКЕТ» жобасы бойынша гранттар байқауына 150 миллион теңге бөлді.  Байқаудың шеңберінде әрбір мүдделі коммерциялық емес ұйым әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін 3 млн теңге көлемінде грантқа өтінім бере алады.

Гранттық байқау Қазақ­стандағы коммерциялық емес ұйымдар арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін да­мытуға арналған «ӘРEKET» ауқымды жобасының бө­лігі болып табылады.  Жобаның шеңберінде қа­зақстандық коммерциялық ем­ес ұйымдардың өкілдері «Ин­кубатор» білім беру бағ­дарламасын аяқтап, 3 млн теңге грант жеңіп ала алады.

Байқау үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең:

2019 жылдың 3-30 мау­сымы аралығында КЕҰ мү­шелері гранттар байқау ту­ралы ережеге сәйкес өтінім береді.  Конкурсқа қатысуға өтінімдер электронды түрде areket.skt@gmail.com пошта мекен-жайы бойынша қабыл­данады.

2019 жылдың 1-15 шілдесі аралығында «Samruk-Kazyna Trust» қоры өтінімдердің алғашқы  іріктеуін жүргізеді.

Екінші кезең:

2019 жылдың 16 шіл­де­сінен 1 тамызына дейін екінші кезеңге өткен КЕҰ байқау комиссиясы таңдап алатын толыққанды өтінімдерді ұсы­нады. Байқау комиссиясы құ­­ра­мына мемлекеттік ор­ган­дардың, халықаралық ұйым­дардың, әлеуметтік және биз­­нес секторының сарап­шы­лары кіреді.

Үшінші кезең:

2019 жылғы 13-16 тамыз аралығында іріктеу қо­ры­тындысы бойынша КЕҰ әлеуметтік әсер ету, ин­но­ва­ция, өзін-өзі қам­та­масыз ету, қаржылық тұрақтылық, бизнесті жоспарлау, PR және маркетинг, т.б. қамтитын үш күндік «Инкубатор»  білім беру бағдарламасына қа­тысып, одан әрі байқау комиссиясының алдында жо­ба­ларын қорғауға жалғасады.

Жобалар қорғалғаннан ке­йін байқау комиссиясы әлеу­­­меттік кәсіпкерлік сала­сында өз жобаларын жүзеге асыратын грант алушыларды анықтайды.

Тренингке қатысуға жұм­салатын барлық шығыстарды «Samruк-Kazyna Trust» қоры өтейді.

Гранттар байқауы бас­тал­ғанға дейін «Samruk-Kazyna Trust» қорының өкіл­­­дері елі­міздің барлық өңір­­лерінде ақ­па­раттық кез­­­десулер өткізеді:

13 мамыр – Қызылорда;

14 мамыр – Талдықорған,

Түркістан;

15 мамыр – Шымкент,

Орал, Қостанай;

16 мамыр – Көкшетау;

17 мамыр – Алматы;

20 мамыр – Ақтөбе;

21 мамыр – Атырау;

22 мамыр –

Қарағанды, Тараз;

24 мамыр – Ақтау;

27 мамыр – Петропавл;

29 мамыр – Павлодар;

31 мамыр – Өскемен;

3 маусым – Нұр-Сұлтан.

 

Гранттар байқауы мен өзге де қосымша ақпаратты www.sktrust.kz/ru сайтының «ӘРЕКЕТ» бөлімінде табуға болады.

Жобаның кезеңдері жә­не өтінімдерді толтыруда туын­даған сұрақтар бо­йынша КЕҰ келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласа алады: +7 (7172) 57 63 05, 24 80 14, 57 65 41 (қоңыраулар сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін  Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) немесе areket.skt@gmail.com электронды поштасы арқылы.

 

БАҚ сұрақтары бо­йынша: +7 (7172) 57 66 02.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<