Азық-түлік қоры қанша айға жетеді?

618

0

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік тауарларының 32 түрі бойынша апта сайынғы мониторинг нәтижесін жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Өңірлердің жедел деректері бойынша ағымдағы жылдың 20 тамызында республика бойынша жалпы көлемі 819 мың тонна түрлі азық-түлік тауарының қоры бар. Оның ішінде өндіруші кәсіпорындарда – 301 мың тонна, қоймаларда – 86,6 мың тонна, сауда желілерінде – 374 мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 18,3 мың тонна.

Бұдан басқа,  495,7 млн дана жұмыртқа қоры бар.

Көрсетілген азық-түлік өнім түрлеріне байланысты бір айдан алты айға дейінгі мерзімге жеткілікті.

«Азық-түлік тауарларының өндірісі артып, қор үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Сондықтан олар бойынша тапшылық жоқ және ұзақ мерзімге жеткілікті тұрақты қор бар», деп жазады министрлік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<