Байыпты бастама

555

0

«Nur Otan» партиясы барынша белсенді, жаңашыл тұлғаларды анықтау үшін партияішілік праймериз өткізуді қолға алды. Бұл бастама – елімізді әлемнің ең дамыған елдерімен теңестіретін аса маңызды қадам десек болады. Көшбасшы партия бұл жобаны еліміздегі беделді, белсенді, өткір ойлы азаматтармен бірлесіп жүзеге асырмақ. Өйткені мұндай ауқымды жұмысқа бүкіл қоғам болып жұмылудың берері мол екені сөзсіз.

Елдің игілігі мен халықтың қолжетімділігіне бағытталған бұл істен әрбір белсенді тыс қалмайды деп сенемін. Өйткені халыққа ең жақын топ, олар ел-халықпен кері байланыс орната білетін белсенділеріміз. Бұл бастаманың маңызы – халықтың əлеуетін көтеру мен ел игілігіне бағыттау. «Nur Otan» партиясы тарапынан халықпен кері байланыс арналарын орнатуға ерекше назар аударылған. Сол мақсатта елімізде партия бастамасымен қолға алынған праймериз тәсілімен Мəжіліс пен мəслихаттарға депутаттыққа үміткерлер іріктелмек.

Бұл жобаның еліміздің жаңа тарихи даму кезеңімен сабақтасып, қоғамның барлық саласында уақыт ағымына сай саяси, əлеуметтік үдерісімен үндесуі көптеген игі істерге серпін берері анық.

Бекқали БЕКБАУЛОВ,

«Қазалы Жолаушы» ЖШС директоры,
«Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы
партиялық бақылау комиссиясының төрағасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<