Бала тәрбиесі – ортақ іс

259

0

Фото автордан

Бүгін «ҚХП» Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Бала тәрбиесі – ортақ іс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара барысында қоғамды алаңдатып отырған жайттың бірі – ұрпақ тәрбиесі жан-жақты талқыланды. Қазіргі кезде бала тәрбиесі тіптен шиленісіп кетті. Тіпті, кәмілетке толмаған жасөспірімдер арасында төбелес өршіп, тәрбие ақсап тұр. Аймақтағы соңғы орын алған жағдайлар осындай ойға жетелеуде.

Бүгінде бала тәрбиесі мықты болуы үшін қандай жұмыстар атқарылу керек? Бала тәрбиелі болу үшін ең алдымен кімнен және неден бастауымыз керек? Осы және өзгеде сауалдар қозғалды. Кездесуге облыстық білім басқармасының тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығы директоры Ф.Досаев, қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімі аға инспекторы полиция майоры Нұрбол Алдабергенов, қалалық жастар ресурстық орталығы, «Сенімен болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалы, қалалық білім бөлімінің әдіскері, мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қатысты.

– Дөңгелек үстелдің нәтижесінде тиісті сала мамандары ата-аналармен тығыз байланыс орнату үшін арнайы ата-аналар сағатын енгізуді ұсынды. Қазіргі кезде қаладағы 58 мектепе 68 мыңнан аса бала білім алуда. Ал олармен бар жоғы 107 ғана психолог жұмыс істейді. Осыған орай қалалық білім бөлімінің әдіскері Ақерке Мұратбаева мектептерде психолог мамандарын көбейтіп, №224 бұйырыққа сәйкес психологты бала басына берілуін партия тарапынан көтеруді сұрады. Мектептердегі психолог мамандардың біліктілігін дамыту керегі де сөз болды.

Сонымен қатар кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерді ата-анасының рұқсатынсыз жұмысқа тартатын жеке кәсіпкерлерге де шара көру керегі айтылды. Себебі олар заң бойынша балаларды жұмысқа алар алдында ата-аналарымен келісім-шартқа отыруы тиіс, – деді партия белсендісі Талғат Телеубаев.

Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ. Баланың бүгінгі іс-әрекетіне, тәртібіне бүгін назар салмасақ, ертең кеш болары анық. «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» демекші, ұрпағымыздың тәрбиесіне қоғам болып, ұлттық тәрбиемен сусындатып, адамгершілік қасиетке, рухани мәдениетке баулуымыз керек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<