Баласы кітап оқыған – ел бақытты

732

0

Белкөл кентіндегі №189 орта мектепте 05 желтоқсан 2022 жылы бастауыш пән бірлестігінің ұйымдастыруымен «Баласы кітап оқыған – ел бақытты» тақырыбында қаладағы аймақтық мектептер арасында семинар өтті. Семинарға 11, 172,175 ,176 ,178 ,215, 218, 257 мектеп ұжымы қатысты.

Семинар ұйымдастырудың мақсаты – кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру және де сынып жетекшілері, үйірме жетекшілері мен ата-аналардың оқушылар үшін бірлескен қолдауын ұйымдастыру.

Семинарды мектеп директоры Накипов Бағдат Адилбекович іс-шараға сәттілік тілеп, алғы сөзімен ашып берді.Семинар бағдарламасына сәйкес «Kitap fest» атты көрмемен бастауыш сынып мұғалімі Бекмағанбетова Шырынкүл Қараманқызы таныстырылым жасады. Атап айтсақ, көрмеге қойылған оқушылар шығармашылығы, мектеп кітапханасына 100 кітап сыйла акциясы, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жүргізілген іс-шаралар, «Мектеп және театр» жобасы аясында жүргізілген іс- шаралар, ертегілер тақырыбына құрастырылған макеттер, ертегі кейіпкерлер бейнесі, ертегі кейіпкерлеріне хат жолдау, сондай-ақ ,2021-2022 оқу жылдарындағы «Оқуға құштар мектеп» пен  «Мектеп және театр» жобалары бойынша жүргізілген жұмыстар мен жеткен жетістіктерге арналған презентациясымен таныстырып өтті.

Әдебиеттік оқу пәні бойынша 4 сыныпқа «Мамандық туралы ойым» тақырыбында Ботагөз Сәрсембаева бинарлық сабақ «RFAD a book» өткізді. Бинарлық сабақтарда оқушылар жұппен, топпен жұмыстар жасау арқылы өз ойларын еркін жеткізуге, түрлі ақпарат құралдарының мүмкіндігімен жаңаша ойын әдістерін ұйымдастыра білуге үйренді. Келген қонақтармен сұхбаттаса отырып мамандық туралы ойын білді. Ботагөз Сәрсембаева сабақтың мақсатын нақтылай түсетін түрлі тапсырма түрлерін ұсынды.

Бастауыш сынып мұғалімі Мінәжова Гүлнұр 2 сынып әжелерімен немерелері бірлескен «Әже TAIM» тақырыбында консенсус ұйымдастырды. Сыныптан тыс шараға ерекше дарынды

4 оқушы әжелерімен қатысып, жүйелі ойларын ортаға бөлісті.

Семинардың соңында бастауыш сынып мұғалімі Қайыркүл Байжанова 3 сынып оқушыларымен «SMART BALALAR» тақырыбында ертегі VIBES сахналық қойылым қойды . Қойылым өте әсерлі шықты. Балалар өз рөлдерін тамаша сомдай алды. Келген қонақтар, ата-аналар мен ұстаздар аса ризалығымен өз тілектерін айтты. Семинарды мектеп директоры Накипов Бағдат Адилбекович пен директордың бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары Күлшара Дәндібайқызы қорытындылады.

Семинарға қатысушы қонақтарға қонақ кәде «Ұстаз – жаңалық жаршысы» атты бастауыш пән бірлестігінің арнайы басылымы газет тарту етілді. Қонақтарға кофе бринг ұйымдастырылып, естелік суреттерге түсті , өзара кері байланыс орнатылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<