Балық шабақтары құтқарылды

343

0

Жыл сайын балықтардың қырылу қаупінің алдын алу мақсатында, күз айларында облыс көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару шарасы ұйымдастырылады. Іс-шара  жануарлар дүниесін қорғау  жөніндегі мекеме қызметкерлерінің қатысуымен жүргізіледі.

Осындай игі шаралар қыс мезгілінде де өз жалғасын табуда. Мұз астындағы балықтарды оттегімен тұрақты қамтамасыз ету үшін, мұз шұңқырларын бұрғылау мен мұзойықтар жасалуда.

Бүгінгі күнге дейін балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарында 1090 дана мұзойық ою мен 761 дана қамыс салу жұмыстары атқарылған.

Адамзат өміріндегі өзіндік ереше орны бар салалардың бірі – балық  шаруашылығы. Сондықтан, балық шаруашылығы су айдындарында тіршілік ететін балық қорын сақтауға шақырамыз. 

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар

дүниесі аумақтық инспекциясыбалық шаруашылығы бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<