Балыққа да бап керек

383

0

Фото: Табиғи ресурстар басқармасы

Бүгінгі күні, облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерінде ауа райының салқындауына байланысты мұз қабатының қалың қатуы байқалуда. Соның салдарынан судағы тіршілік иелеріне күн сәулесінен түсетін еріген оттегі жетіспей табиғи қырылуы қауіпі туындауы мүмкін.

Осыған орай, облыс көлеміндегі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің орманшы инспекторлары мен балық мамандарының (ихтиолог) қатысуымен резервтегі жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерінде мұздан үкі ойықтар ойып, қамыстан түтікше арқылы ауа жіберу жұмыстары жүргізілуде.

Су маржаны балық шабақтарының ауа жетпей қырылуынан сақтау, тіршілік иелерінің өмір сүруіне барынша мүмкіндік жасау күн тәртібіндегі күттірмейтін мәселе.

@Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<