Бердіқұлов бәйгесі

964

0

Астанада қазақ спорт журналистикасының негізін қалаған қаламгер, қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған дәстүрлі шағын футбол турнирі өтті. БАҚ өкілдері арасында ұйымдастырылған дәстүрлі жарысқа 10 команда қатысты.

Көп жыл Алматыда өткізіліп келген жарыс еліміздегі орталық басылымдардың, сондай-ақ, телеарналар, интернет сайттардың бас қалада шоғырлануы себепті соңғы уақыттары Астанада ұйымдастырылып келеді. Басты мақсат – «Ұлт саулығы» бағдарламасы аясында ҚР БАҚ арасында футбол ойынын дамыту, БАҚ өкілдері арқылы халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Жеребе қорытындысы бойынша командалар екі топқа бөлінді. «А» тобында «Қызылорда», «Қазақстан қалалары», «Astana TV», «Tumalas.kz», «7 арна» командалары ойнаса, «В» тобында «Қазмедиа», «Qazaq team», «Шымкент», «Metaratings.kz» және «Хабар» командалары доп тепті. Топтық ойындардың нәтижесі бойынша жартылай финалда өз топтарынан үздік шыққан «Қызылорда»-«Шымкент», «Хабар»-«Қазақстан қалалары» жұптары кездесті.

Сонымен, биылғы турнирде «Хабар» жігіттері Berdiqul cup – 2022 жеңімпазы атанса, Сыр өңірінің «Ақмешіт» командасы жүлделі ІІ орынға ие болды. Ал үздік үштікті шымкенттіктер түйіндеді.

Спорттық шара соңында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы турнирдің үздіктері марапатталды. Айта кетерлігі, сырбойылықтар сапынан «Үздік шабуылшы» атағын Әділбек Жақанов алды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<