Біліктілікті арттырған курс

1044

0

Арал көпсалалы колледжінде «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында курс өтті. Оған арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлері қатысып, біліктілігін арттырды.

Курста «Модуль бойынша жұмыс оқу бағдарламасын әзірлеу», «Кәсіптік білім берудегі негізгі педагогикалық технологиялар» және «Өндіріс мамандарына қойылатын негізгі талаптар» тақырыбында ақпараттар айтылды.

Сонымен қатар педагогикалық мәдениет пен этиканы арттыруға, оқытудың тәсілдері мен әдістерін таңдауға, өз іс-әрекеттерінің салдарын болжауға баулыды. Қатысушыларды педагогикалық білімнің, дағдылардың тұтас жүйесімен таныстырды. Сабақты құру кезінде өз бетінше теориялық талдау дағдыларын қалыптастыруға, кәсіптік және жалпы құзыреттерді игеруге арналған білім беру нәтижелерін нақтылады. Жұмыс бағдарламаларының мазмұнын әзірлеу бойынша практикалық ұсынымдарға арналған материалдармен жұмыс істелді. Курсты «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамының тренері Сапарбай Раев жүргізді.

З.ТӘЖІБАЕВА,

Арал көпсалалы колледжінің арнайы пән оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<