Білім беру ұйымдарының жұмысы қаралды

813

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жарқын Омаровтың төрағалығымен аудан бойынша білім беру ұйымдарының жұмыстары туралы мәжіліс өтті.

Мәжіліске бөлім басшылары, білім саласының өкілдері мен мектеп директорлары қатысты. Мәжілісте білім беру ұйымдарының проблемалық мәселелері көтеріліп, алдағы атқарылатын жұмыстардың бағыты айқындалды. Білім сапасын арттыру және жетілдіру кезек күттірмейтін міндеттерінің бірі. Өткен жылдың қорытындысымен жалпы орта білім беретін мектептердің рейтингі жарияланды.

Рейтингте – білім сапасы, Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы, оқушылардың олимпиада, ғылыми жоба, спорттық сайыстардағы нәтижелері, балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың тіркелуі, педагогтардың кәсіби байқаулар мен сайыстардағы жетістіктері сарапталған.

Жыл сайын білім саласы дамып, нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізілуде. Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары мәжілісте айтылған ұсыныстар мен пікірлерді тыңдай келе, тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріп жиынды қорытындылады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<