Бірінші маусым аяқталды

758

0

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының «Адами капиталды дамыту» бағыты және Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында облыстық цифрлық технологиялар басқармасының ақпараттық технологиялар, IT park орталығының «Grand Master» бағдарламалау мектебі бірлесіп Hard Code Night жобасын жүзеге асыруда.

Қатысушыларға бағдарламалаудан бөлек басқа да қызмет салаларын игертуді және командада жұмыс істеуді үйрету – жобаның негізгі мақсаты.

– Hard Code Night – ұзақтығы 5 сағатты құрайтын қарқынды мастер-класс. Қатысушы қажеттісін өзі таңдайды. Мастер-кластан кейін қатысушыларды логикаға, күш пен реакцияға негізделген әртүрлі ойындар бар үзіліс күтеді. Жобаның барлық қатысушыларымен teambuilding өтеді. Оның көмегімен қатысушы бағдарламалауды үйреніп қана қоймай, қандай командалық ойыншы екенін тексере алады, – дейді ақпараттық технологиялар орталығының директоры Сәбит Ибадулла.

Алғашқы дебюттік маусымда 4 мастер-класс болды. Атап айтқанда, 1С Бухгалтерия, Python-да бағдарламалау, Web бағдарламалау, «Графикалық дизайн» негіздері, – дейді жоба ұйымдастырушысы Алмат Қуанышбаев.

Барлық 119 қатысушы мастер-класстан, teambuilding-тен сәтті өтіп, сертификат алды.

Жоба барысында «Grand Master» бағдарламалау мектебінде тегін оқуға 2 сертификат ойнатылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның дебюті сәтті өтті және келесі айда  жобаның екінші маусымы. Қатысушылар командалық ойыншы дағдыларын және білімдерін жетілдіруге ниетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<