Бірыңғай уақыт белдеуі енгізіле ме?

453

0

ҚР Сауда жəне интеграция министрлігі «Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер әзірленгенін хабарлады.

Zakon.kz-тің   мәліметтеріне қарағанда, құжатқа сәйкес, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 01 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа ауыстырады. Осылайша Қазақстанның бүкіл аумағы 5-сағаттық белдеуде орналасады.

Қазақстан Республикасында екі уақыт белдеуі қолданылады (UTC+5, UTC+6). Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстары – 4- сағат белдеуінде (UTC+4+1). Астана, Алматы, Шымкент қалалары және қалған облыстар (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Алматы) 5-сағат белдеуіне (UTC+5+1) жатады.

Бұл мәселені кешенді пысықтау мақсатында Сауда және интеграция министрлігі жанынан тиісті жұмыс тобы құрылды, оның құрамына 60-тан астам адам бар.

Жұмыс тобына бастамашыл мүшелері «Қазақстан Республикасындағы уақытты есептеуді зерттеудің негізгі нәтижелері» есебін дайындады, онда уақыт белдеулерін реттеу немесе оларды табиғи уақытпен үндестіру халықтың денсаулығына, экономикаға, білімге, қауіпсіздікке және қоршаған ортаға айтарлықтай әсер ететіндігі атап өтілді.

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жұмыс тобының отырысында қарау нәтижесінде есеп бекітілді және Қазақстан Республикасында UTC+5 бірыңғай уақыт белдеуін енгізу ұсынылды. Сарапшылардың пікірінше, бұл – нұсқа ең дұрыс және қолайлы нұсқа, Қазақстанның көптеген өңірлері үшін табиғиға жақын уақытты пайдалануға мүмкіндік береді.

Түзетулер жобасы 2023 жылғы 22 желтоқсанға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланды.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде қазақстандық ғалымдар, және мемлекеттік органдардың өкілдері Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін енгізу мәселесін талқылады.

Қолданбалы хронобиология бойынша маман Болат Нұрқожаевтың айтуынша, ғылыми консенсус денсаулықты сақтау үшін күн уақытына барынша жақын тұрақты уақыт белдеулерін барынша тиімді пайдалану керектігін растайды. Осыны ескере отырып, барлық Қазақстан бойынша UTC+5 бірыңғай уақытына көшу ғылыми-зерттеу институттары мен ғалымдардың әріптестері қолдайтын ең оңтайлы шешім ретінде қарастырылады.

Сонымен қатар, ғалымдар халықаралық тәжірибеге талдау жасады. Мысалы, әлемнің 175 елінде бірыңғай уақыт белдеуі қолданылады. Тек 22 мемлекет бірнеше уақыт белдеуінде тұрады.

Астана медицина университетінің қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі Курейш Хамчиевтің пікірінше, уақыттың табиғи өтуінен озу созылмалы шаршау мен аурулардың пайда болуына ықпал етеді.

– Десинхроноз – қазір көптеген өңірлерде болып жатқан нәрсе, яғни биологиялық ырғақтардың сәйкес келмеуі ұзақ мерзімді шаршаудың, депрессияның, ұйқысыздықтың және өнімділіктің төмендеуінің себебі. Мұның бәрі – жүрек-қан тамырлары, қатерлі ісік және басқа аурулардың даму қаупінің факторлары. Циркадиялық немесе биологиялық ырғақтар – біздің өміріміздің ажырамас бөлігі және бұл циркадиялық стрестерге қарсы тұру өте қиын. Сондықтан бүкіл республика халқының табиғи ырғағын синхронизациялау қажет, – деп атап өтті ол.

Сарапшылар денсаулыққа жағымды әсер етумен қатар, Бірыңғай уақыт белдеуін енгізу елдің әртүрлі аймақтарының тұрғындары арасындағы уақыт айырмашылықтарын жеңуге мүмкіндік беретінін атап көрсетеді. Бұл көлік және басқа да коммуникацияларды үйлестіруді жақсартады, бизнес үшін қолайлы жағдай жасайды, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен шұғыл қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды күшейтеді.

«Сб» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<