Кітапханадағы рухани кеш

362

0

Қазалы қалалық кітапханасында «Ұлт руханиятының шырақшылары» атты кездесу кеші өтті. Оған еліміздің рухани дамына үлес қосып жүрген Білім беру ісінің үздігі, «Шапағат» медалінің иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Рүстем Жанайдың жары, ұстаз Күләш Досжанова, Қазақстан Жазушылар одағының халықаралық Қазақ ПЕН-клубының мүшесі, прозашы Үміт Тәжікен қатысты.

Шара кітапхананың жас оқырманы Самал Ахметжанның орындауындағы С.Ботабаевтың сөзіне жазылған Ж.Төлебаевтың «Жақсы адамдарым» әнімен ашылды.Кездесуде Қазалы агро-техникалық колледжі директорының орынбасары Шәрбану Баекеева құрметті қонақтарға құрмет көрсетті. Колледж оқытушысы Жәния Ысмағұл, М.Горький атындағы №16 мектеп-лицеймұғалімі Гүлбарам Жауғашарова жылы лебізін білдіріп, шәкірттері ақын Рүстем Жанайдың өлеңдерін, прозашы Ү.Тәжікеннің эсселерін жатқа оқыды.

Мәдени-рухани кеште ардагер ұстаздар ҚазыбайСаниязов, Қалмырза Нұртазаев, КүләшБисенова, зейнеткер ана ЖәмиләҚаракеева, Ғ.Мұратбаев мемориалдық музейінің директоры Роза Асанова, Қазалы агро-техникалық колледжінің оқытушылары Нұргүл Әлменова,БақтиярЕрғазы, кітапханашысы Алтынкүл Сансызбаева, қалалық жастар ресурстық орталығының инспекторы Жамет Даниел және өзгеде оқырмандар қаламгерлер шығармашылығы жөнінде ой бөлісті.

Кешті аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бөлім меңгерушісі Зоя Мұстафаева қорытындылады.

Жаңагүл ЕРІМБЕТОВА,

кітапханашы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<