Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп үлгермегендер үшін маңызды мәлімдеме жасады

126

0

Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы

Негізгі ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп үлгермеген талапкерлер үшін ертең тіркеу базасы ашылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Негізгі ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп үлгермеген талапкерлердің пікірін еске ала отырып, ертең 22 мамыр сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін тестілеуге тіркелу базасы барлық тестіленуші үшін ашылады», – делінген Ұлттық тестілеу орталығы берген хабарламада.

Өтініш беріп үлгермеген тест тапсырушылар app.testcenter.kz сайтында ұсынылған бос орындарға ғана тіркеледі.

Екі рет өтініш берген талапкерлер үшін іс-әрекет қолжетімсіз болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<