«Бізді жақсы көрмейді…» Мұрат Құсайынов Димашты не үшін сынағанын түсіндірді

1473

0

Фото коллаж: exk.kz

«Дос-Мұқасан» ансамблінің жетекшісі Мұрат Құсайынов осы уақытқа дейін кезекті сұхбатының бірінде Димаш Құдайбергенді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер атағына әлі лайық еместігін айтып, желіні бір шулатқан еді, деп хабарлайды Экспресс К.

Соңғы жылдары Мұрат Құсайыновтың қазақ эстрадасындағы жас буынға көңілі толмай жүр.

Егде жастағы өнер иесі тіпті оларға бағыттап жиі сыни пікір білдіреді. Бұл тізімде аты әлемге әйгілі Димаш та бар.

«Дос-Мұқасан» ансамблінің көркемдік жетекшісі мұндай қадамға баруының себебін түсіндірді.

– Мен бірнеше сұхбатта жастар туралы бір сыни пікір айтып едім, олардың арасында «Ой, Мұрат аға бізді жақсы көрмейді» деген ұғым пайда болды. Олай емес, ол қазақ эстрадасына жаным ашығаннан кейін айтылған сөз. Мен қазақтың дәстүрлі музыкасын зерттеп шыққан адаммын. Қазақ музыкасының тарихында қаламын. Менің ойым, Димаш болсын, басқа болсын, жастар тарихта қалса екен. «Дос-Мұқасан» сияқты біздің жолымызды берсе екен. Менде басқа тілек жоқ, — деді Мұрат Құсайынов.

Ал әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалап, алғашқы көркемдік жетекшісі болған Досым Сүлеевтің Димаш туралы ойы Мұрат Құсайыновтың пікіріне мүлдем ұқсамайды.

– Димашты бәріміз жақсы білеміз. Ол — Қазақстанның бет-бейнесі. Мен шет елге шыққан кезде «Сіз қай жақтансыз?» деп сұраса, «Қазақстан, Головкин, Димаш» деп жауап беремін. Олар: «О, Димаш, Қазақстан» деп бірден таниды. Димаш — қазақтың мақтанышы, – деді Досым Сүлеев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<