Бизнес процестер автоматтандырылады

267

0

Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамытуда «Ақылды технологиялар» мүмкіндігін пайдалана отырып, аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталу керек екендігін атап айтқан болатын. Осыған байланысты, қабылданған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Е-АПК» бағдарламасын әзірледі.

Бағдарлама негізгі 2 бөліктен тұрады. Оның бі­ріншісі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен процестерді автомат­тан­ды­руға қатысты болса, екіншісі IT-бизнес пен АӨК субъектілері арасында өзара іс-қимыл жүйесін құруға арналады.

Мемлекеттік көрсеті­летін қызметтер мен про­цестерді авто­маттан­ды­­руға байланыс­ты Ауыл ша­руашылығы ми­нистрінің 2015 жылғы 30 мау­сымдағы №6-3/597 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қыз­меттердің құнын субсидия­лау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына былтырғы 22 қазандағы №429 бұйрықпен бірқатар өзгерістер енгізіліп, өтінімдерді қабылдау би­ылғы жылдан бастап ми­нистрліктің «Qoldau.kz» пор­талы арқылы жүзеге асырылады.

Ж.МҰСТАЯПОВ,

облыстық 

ауыл шаруашылығы 

басқармасының 

бас маманы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<