Бюджет қаражатын ұрлаған бухгалтердің үстінен сотқа дейінгі тергеу басталды  

202

0

Фото: Қостанай облысының прокуратурасы

Қостанай облысы, Қарабалық ауданының прокуратурасы Новотроицк ауылдық округі әкімі аппаратының бухгалтері 9,8 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын ұрлағандығын анықтады.  

Штат кестесі мен банктік шоттарды салыстыру барысында 4 жыл ішінде өзіне артық соманы есептеген бухгалтердің төленген және нақты төлену керек жалақысы арасындағы айырмашылық анықталды.  

Осы факті бойынша аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы бойынша, атап айтқанда ірі мөлшерде ұрлауды сотқа дейінгі тергеп- тексеруді бастады.  

Баптың санкциясы 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Қосымша жаза ретінде мүлікті тәркілеу, сондай-ақ белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен алты жылға дейін айналысу құқығынан айыру қарастырылған.    

 Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.