«Болашақ» университетінде авторлық құқықты тіркеуге байланысты семинар өтті

565

0

Авторлық құқықтар ғылым, әдебиет, өнер туындыларын, осы салалардағы азаматтардың шығармашылық қызметінің объективті нәтижелерін жасауға және пайдалануға (басып шығару, көрсету және т.б.) байланысты құқықтық қатынастарды реттейтін азаматтық құқық институты болып табылады. Авторлық құқықтар автордың ажырамас және мерзімсіз әрекет ететін мүліктік емес құқықтарын, сондай-ақ автор басқа адамдарға бере алатын туындыны пайдалануға мүліктік құқықтарын да қамтиды.

Осы себептерге байланысты «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты Қызылорда «Болашақ» университетінің профессор-оқытушылар құрамына «Авторлық құқықтар бойынша мәліметтерді тізілімге енгізу» тақырыбында онлайн формат негізінде ZOOM платформасында оқыту семинарын өткізді. Семинар жұмысы барысында авторлық құқықтар туралы түсініктеме берілді. Ұлттық зияткерлік меншік институты сайты арқылы авторлық құқықтар иеленудің кезеңдері көрсетілді. Семинар соңында ұйымдастырушылар тарапынан барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Семинарды «Болашақ» ҒЗИ директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Насимов жүргізді.

«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<