БҚО-ға Ресей аумағынан тасқынның екінші кезеңі келе жатыр – «Қазгидромет»

491

0

Фото: pixabay

«Қазгидромет» РМҚ бас директорының орынбасары Серік Саиров Батыс Қазақстан облысына Ресей аумағынан тасқынның екінші кезеңі келе жатқанын мәлім етті.Үкімет отырысының алдында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген «Қазгидромет» өкілі Ақтөбе және Қостанай облыстарында тасқынның беті қайта бастағанын атап өтті.

«Алдағы уақытта Қостанай облысының орталық, батыс бөлігінде тасқын басталады деп күтіп отырмыз. Сонымен қатар, батыс Қазақстан облысында екінші кезеңі басталады. Ол кезеңнің көзі – Ресей аумағынан келетін судың көлемі. Өйткені Ирикла су қоймасынан келетін судың мөлшері көбейіп, оларда суды күрт түсіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Жайыққа Башқұрстаннан Сақмар өзені келіп қосылады. Ол жақтан Қазақстаннан кірген Ілек өзені барады. Соның бәрі қосылып, Оралға жақын кезеңде үлкен су келеді деп күтіліп отыр. Жақын кезең дегенде осы аптаның аяғына дейінгі мерзімді айтып тұрмын. Жайық өзені қазірдің өзінде көтеріліп жатыр. Біздің құрылымдық бөлімшелердің дайындығы бойынша, дайындық қарқынды жүріп жатыр», – деді Серік Саиров.

Оның айтуныша, «Қазгидромет» өкілдері қазір Ресей мамандарымен күнделікті байланыста.

«Ресейлік мамандармен байланыстамыз. Олардан ақпарат күнделікті түсіп жатыр», – деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<