Дауылпаз «Динамоның» ізбасарлары

297

0

Қызылорда қаласындағы Мұз айды­нының волейбол алаңында ардагерлер арасында ұлағатты ұстаз, волейболшы  Тұрғанбек Алтынбековті еске алуға арналған ашық турнир өтті.

Өмірден өткеніне екінші жыл­­ға айналған Тұрғанбек аға 1960 жылдары ел құ­ра­масы сапын­да өнер көр­сеткен, спорт ше­бері. «Ди­намо» лақап атымен та­нылған ол бертінге дейін Сыр өңі­рі спортының дамуына ауқым­ды үлес қосып, шәкірт тәрбиеледі.

Турнирдің ашылу сал­та­­натында облыстық дене шы­­­нықтыру жә­не спорт бас­­­қармасы басшы­сы­ның орын­басары Жақсылық Ос­панов, ардагер-спортшы Қа­­­­быш Пірім­жанұлы және об­­лыс­тық волейбол феде­ра­ция­сы төр­ағасының орын­басары Бақыт Кең­есовтер өт­кізіліп отырған тур­­нирдің маңызына тоқталды. Ар­да­гер спортшыларға сәттілік тіледі.

Топтық ойындарда өткен бәсеке өте тартысты болды.  «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, өз тобынан шыққан жеңімпаздар тағы да өзара сынға түс­ті. Үшінші орын үшін бол­ған бәсекеде шиеліліктер Қы­зыл­орда командасын айқын ба­сым­дықпен еңсеріп, жүлделі орынға табан тіресе, ақтық сында байырғы қарсыластар Байқоңыр командасы мен Жаңақорған ауданының ар­да­герлері алаң­ға шықты. Өткен жылғы тур­нирде де осы екі команда фи­налда кездескен еді, онда жаңақорғандықтарға сәттілік серік болып, бас жүлдені ием­ден­ген бола­тын-ды. Бұл жолы күшей­тіл­ген құраммен келген бай­қо­ңыр­лықтар жеңіске жетіп, был­тырғы кеткен есесін қайтарды. Әсі­ресе, кезінде об­лыс құра­масының сапында бол­ған Қуа­ныш Рақатов сынды бел­­гілі спортшының ойынына көрер­мендер тәнті болды. Сон­дай-ақ, қызылордалық ар­да­гер-волейболшы Сабыр Жаңбыровтың қимылы көз сүй­­сінтті. Жаңақорғандық Әбдібек Әбіл­сейі­тов, Жұма­хан Нұртазаев, Самат Соп­беков, Шәдібек На­ки­пов, Шиелі ауданынан Өтеп Әб­діраманов, Елтай Серікбаев, Батыр Пазылбеков ше­бер­лігі толысқан ойын­шы екенін көрсетті.

Волейбол сұлу да сырбаз ойын. Облысымызда осы спорт түрінің негізін қа­лап, республикада топ жар­ған ардагер атындағы тур­нир өзі өмірден өткеннен кейін осымен екінші рет өт­кі­зілді. Жеңім­паз­дарға бағалы сыйлықтар тап­сырылды. Турнирге келу­шілерге арда­гер спортшының ұлы Нұрлан Тұрғанбекұлы алғыс айтып, ризашылығын жеткізді. Со­ңынан ас беріліп, дұға ба­ғыш­талды.

Нұрмахан ЕЛТАЙ. 

Қызылорда қаласы.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<