Дүние дүрмек

340

0

Аптап ыстықтың әлегі

Әлемде бірнеше ел қатты ыстықтан зардап шегіп отыр. Еуропаның оңтүстігі, АҚШ пен Қытайда температура 50 градустан жоғары көтерілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Америка Құрама Штаттарының оңтүстік-батысында да аптап ыстық байқалуда. Метеорологтар алдағы уақытта 38 қалада температура рекорды жаңаруы мүмкін екенін ескертті.

Бұған дейін Калифорнияда температура 53,9°С жетсе, мұндай ыстық бұл қалада соңғы рет 1911 жылы тіркелген көрінеді. Ол кездегі көрсеткіш 56,7° болған.

Сондай-ақ, өткен жексенбі күні Қытайда ел тарихындағы ең ыстық температура тіркелді. Шыңжаң провинциясында ауа температурасы 52,2°C-қа дейін көтерілген. 

Ал, Оңтүстік Кореяда ауа райының қолайсыздығынан нөсер жауып, көшкін мен су тасқыны орын алса, Жапонияда кем дегенде 60 адам аптап ыстықтан зардап шеккен көрінеді.

Беймәлім ауру денге безгегі болуы мүмкін

16 шілдеде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Египеттің Денсаулық сақтау және ел тұрғындары министрлігінің ақпараты бойынша елде белгілері денге безгегіне ұқсас белгісіз аурудың жағдайлары тіркелген. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды дейді 24.kz. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, денге безгегі адамға инфекция жұқтырған масалардың шағуы арқылы берілетін вирустық инфекция. Ауру адамнан адамға ауа тамшылары арқылы берілмейді. Ауру тропиктік және субтропиктік елдерде таралады.  ДДҰ мәліметтері бойынша Африка, Америка, Шығыс Жерорта теңізі, Оңтүстік-Шығыс Азия және Батыс Тынық мұхитының 100-ден астам елі эндемикалық болып келеді.  Қазақстанда жыл сайын аурудың жекелеген жағдайлары тіркеледі. Биыл денге безгегі бойынша қолайсыз елдерден (Таиланд) келген адамдар арасында оның 2 жағдайы анықталған.

Осыған дейін Мысырда бір ауылдың жүздеген тұрғыны беймәлім дертті жұқтырғаны туралы хабарланған еді.

Кептелісте тік көтерілетін көлік

Ірі қалалардағы кептелістерде мүдірмейтін электромобиль пайда болды. Ол  дер кезінде әуеге тігінен көтеріліп кез келген кедергіден ұшып шыға алады.

Екі адамға арналған Alef Aeronautics компаниясының ұшатын көлігіне Федералдық авиация әкімшілігінен (FAA) арнайы ұшуға жарамдылық сертификаты берілген. Бұл туралы New York Post басылымының хабарламасына Aikyn.kz сілтеме жасап отыр.

Толығымен электрлі көлік қоғамдық жолдарда 300 шақырымға дейін жүре алады және кәдімгі тұраққа сыяды. Ол ауаға тігінен көтеріліп, 170 шақырымға дейінгі қашықтыққа ұша алады.

Электромобиль құны шамамен $300 000 тұратын көрінеді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<