Дүние дүрмек

470

0

Кейінгі 57 жылдағы ең ірі су тасқыны

Испанияда су тасқынының зардабы ауыр соғып тұр. Қазірге дейін опат болған адамдар саны 219 адамға жетіп, одан өзге 93 адам хабар-ошарсыз кеткен. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің дені – Валенсия қаласының тұрғындары. Елдің оңтүстік-шығысында құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Апатпен күреске 15 мыңнан астам әскери қызметкер жұмылдырылса, психологтар мен полиция қызметкерлері де тынымсыз жұмыс үстінде. Көмек қолын созған 45 мың ерікті тағы бар. Испаниядағы бұл жағдай Еуропадағы кейінгі 57 жылдағы ең ірі су тасқыны деп есептелуде. Бұл деректерді 24.kz келтірді.

Әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынуы мүмкін

Аустралия үкіметі келесі жылдың аяғында 16 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салу туралы заң шығаруы мүмкін. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

Сингапурдың 8world.com ақпарат құралдарының хабарлауынша, Австралия премьер-министрі Энтони Албанесе жақында өткен баспасөз мәслихатында әлеуметтік желілерді шамадан тыс пайдалану жастардың физикалық және психикалық денсаулығына әсер ететінін айтқан.

Сондықтан Аустралия үкіметі қазіргі уақытта балалардың әлеуметтік медиа платформаларын пайдалануына жол бермеу үшін өте қатаң шаралар қабылдауды жоспарлап отыр.

Тиісті шаралар жас шектеулерін орнатуды қамтиды. Әсіресе, Facebook, Instagram, TikTok, X және YouTube сияқты негізгі әлеуметтік медиа платформаларына Аустралия үкіметі шектеу қоюы мүмкін. Ал осыған дейін АҚШ-тың Монтана штатында Tik Tok-қа тыйым салынғаны туралы жазылған болатын.

Nissan 9 мың қызметкерін қысқартады

Жапонияның Nissan компаниясы әлем бойынша 9 мың қызметкерін қысқартады. Бұл жалпы штаттың шамамен 7 пайызын құрайтын көрінеді.

24.kz-тің хабарлауынша, автоконцерн басшылығы мұндай шешімді Қытай мен АҚШ-та өнімге деген сұраныстың төмендеуіне байланысты қабылдаған. Себебі Nissan көліктерінің тең жартысы дәл осы екі нарықта сатылады. Сонымен қатар, компания өндірістік қуатын 20%-ға азайтуды және Mitsubishi Motors компаниясындағы үлесінің бір бөлігін сатуды жоспарлаған. Компанияның бас директоры Макото Учида дағдарысқа байланысты осы айдан бастап өзінің жалақысын 50%-ға азайтатынын мәлімдеген. Жапониядағы автокөлік өнеркәсібінде шамамен 6 миллион адам жұмыс істейді.

Шекарада қабырға тұрғызып жатыр

Ван провинциясындағы Түркия-Иран шекарасында қауіпсіздікті күшейту үшін бетон қабырға құрылысы мен арықтар қазу жұмыстары жалғасуда деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Түрік күштері қолда бар заманауи технологияларды пайдалана отырып, бұл аумақты қадағалап, шекараны заңсыз кесіп өтуге жол бермеу үшін қосымша шаралар қабылдап отыр.

Бекініс салудағы мақсат – заңсыз мигранттар мен контрабандашылардың кіруіне жол бермеу, сондай-ақ Түркияның шығыс шекарасы бойындағы қауіпсіздікті нығайту. Шекараны бақылау және қадағалау үшін физикалық кедергілерден басқа заманауи технологиялар белсенді түрде қолданылуда. Түрік шекарашыларының бақылау камералары, түнгі уақытта қозғалысты анықтауға көмектесетін тепловизорлар және әуеден патрульдеуге қажетті ұшқышсыз ұшу аппараттары бар.

Ақпарат көздерінен

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<