«Е-Заң көмегі» жүйесінің маңыздылығы зор

1475

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында барлық салаларды қамтитын бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, орын алып отырған қысылтаяң кезеңде мемлекеттің даму жолдарын нақты анықтады.

Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында соттың бәсекеге қабілетті, ал судьяның айыптау тарапынан тәуелсіз болуы керектігін және ол үшін адвокат пен прокурордың теңдігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өткен болатын. Мүдделі мемлекеттік органдар адвокаттық қауымдастықпен бірлесіп әзірленген түзетулер Бас прокуратураның қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту бойынша және Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленеген адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері туралы заң жобаларында көрініс тапты.  

 Өздеріңізге белгілі Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы 2020 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің 2 оқылымында мақұлданды.

  Бұл заң жобасында қолданыстағы заңнамаға ақпараттық жүйелерді кәсіби қауымдастықтың сенімгерлік басқаруына беру, Республикалық адвокаттар алқасына ай сайынғы аударымдары мөлшерін бекіту, заң консультанттар палатасының мүшелерінің ең аз санын бекіту, заң консультаттарының құпиясын енгізу, Республикалық заң консультанттар палаталарының алқасын құру, заң консультанттарының палатасына кіру кезінде аттестациядан босату және басқа да түзетулер қарастырылған.

 Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының бастамасымен әзірленді және қолданыстағы заңнамаға бірқатар өзгерістерді көздейді.

 Бұл өзгерістер азаматтардың Қазақстан Конституциясының
13-бабында көзделген білікті заң көмегін алу құқығын іске асыруға және адвокатура мен заң консультанттары институтын одан әрі дамытуға, олардың қызметін автоматтандыруға және оңтайландыруға бағытталған.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шеңберінде адвокаттарды тағайындау тәртібін автоматтандыру ұсынылып отыр.

Өз кезегінде, «Е-заң көмегі» АЖ адвокаттар мен заң консультанттарына жеке және заңды тұлғалар туралы деректерді тексерудің және сот процесі шеңберінде дәлелдемелер жинаудың заманауи құралдарымен қамтамасыз етеді, халыққа заң көмегін көрсету кезінде қажетті мәліметтерді электрондық форматта жедел алуға, сондай-ақ оны онлайн режимде көрсетуге мүмкіндік береді, бұл қағаз құжат айналымын, оларды мемлекеттік органдардан алу кезінде уақытша және материалдық шығындарды қысқартады.

 Бұл ретте қорғалуға конституциялық құқықтың бұзылуына жол бермеу мақсатында автоматтандырумен қатар адвокаттарды тағайындаудың қолданыстағы тәртібі сақталуда.

 Қорғаушының қатысуын тиісті орган қаулыны адвокаттар алқасына заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында не қағаз жеткізгіште жіберу арқылы қамтамасыз ететін болады.

 Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне адвокаттың процестік өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталған түзетулер қабылданған.

 Оқшауланған, консультациялар алу және құқықтық құжаттар жасау үшін қажетті қаражаты жоқ сотталған адамдарға мемлекет кепілдік берген заң көмегін беру мақсатында Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне нақтылаушы түзету қабылданған.

 Депутаттар азаматтардың, оның ішінде аз қамтамасыз етілген адамдардың, зейнеткерлердің және табысы орташа адамдардың мүддесінде қолданыстағы заң консультациялары институтын сақтауды ұсынды.

 Адвокаттық кеңсеге өз атынан, оған кіретін барлық әріптестердің тапсырмасы бойынша, солардың есебінен және мүддесінде заң көмегін көрсету туралы шарттар, сондай-ақ олардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шарттарын жасасу құқығы беріледі.

 Адвокаттардың тәртіптік комиссиясының шешімдеріне дау айту мерзімі белгіленді, ал тәртіптік іс жүргізудің өзін қарау мерзімі ұзартылды. Істі қарауды қасақана созуды болғызбау мақсатында іс жүргізуді тоқтата тұрудың нақты негіздері белгіленді.

 Заң консультанттары палаталарын олардың қызметін үйлестіретін Республикалық заң консультанттары алқасына біріктіру ұсынылып отыр. Өз кезегінде, заң консультанттары палаталарын алқаға біріктіру палаталардың өздерінің де, оның мүшелерінің де бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Заң көмегіне жүгінген адамдардың жеке, отбасылық және өзге де құпиясын құрайтын мәліметтерді қорғау мақсатында заң консультанттарының құпиясын сақтау мәселелерін регламенттейтін жаңа бап ұсынылады.

Білікті заң көмегін көрсету сапасын арттыру және заң консультанттары институтын одан әрі дамыту үшін заң консультанттарының көмекшілері институты енгізіледі.

Айгүл Қосбергенова,

Қызылорда облысының Әділет Департаментінің

құқық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет

көрсету бөлімінің басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<