Екі жер сілкінісі тіркелді

701

0

Фото: ашық дереккөз

Бейсенбі, 9 наурызда кешке Италияның орталығындағы Перуджа аймағында магнитудасы 4,6 және 3,9 балдық екі жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі La Repubblica басылымына сілтеме жасап.

Бірінші жер сілкінісінің магнитудасы 4,4 болған, ол көршілес Марке және Тоскана аймақтарында сезілген. Жерасты дүмпулері салдарынан зардап шеккендер жоқ. Азаматтар азғантай зақым келгенін хабарлады.

Алайда билік қауіпсіздік үшін төрт үйдің тұрғындарын – барлығы 30-ға жуық адамды эвакуациялаған. Көшеде адамдар түнеуге арналған шатырлар орнатылды.

Сонымен қатар, жұма және сенбіде Перуджа мен Ассизидегі мектептерді, сондай-ақ Умбрия аймағындағы университеттерді жабу туралы шешім қабылданды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<