Ел дамуындағы басты қадам

248

0

А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде кезектен тыс Президент сайлауына арналған облыстық форум өтті

Форумда айтыскер ақын М.Ниязов, «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» облыстық филиалы жетекшісінің орын­басары Ю.Ким, «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің мүшесі Б.Таңбаева, облыстық мәслихат депутаты Ш.Әбдікәрімов, На­зар­баев зияткерлік мектебі ди­­рек­торының орынбасары Ж.Жан­­шораев сөз сөйлеп,  жұрт­шылықты сайлауға қатысып, азаматтық белсенділік танытуға шақырды.

Уақыт сынынан өткен оңды бастамаларды қолдауда «Алаштың анасы» атанған Сыр елі үнемі үздіктер қатарынан кө­рініп келеді. Алдағы саяси науқанда да белсенділік таныту, өз даусының шешуші рөл атқаратынын сезіну маңызды.

Сондықтан форумға жинал­ғандар таңдау жасау құқын пайдаланып, сайлау учаскелеріне баратынын, келешек үшін дауыс беретіндерін айтты.

Форум соңында қатысушы­лар  «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінің Президент сайлауына үміткер ұсыну туралы шешімін қол­дайтындықтарын білдірді.

              

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<