Еліміздің алты өңіріне ескерту жарияланды

416

0

Қазгидромет 28 сәуірде ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі.

Тәңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында – найзағай, оңтүстігінде тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз өңірдің солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында шығыстан жел соғады екпіні кей уақыттарда 28 м/с жетуі ықтимал.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз өңірдің басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с құрайды, солтүстігі мен шығысында 25 м/с жетуі ықтимал.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай болжанады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с құрайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<