Елшімен кездесті

330

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Литва Респуб­ликасының Қазақстандағы елшісі Гинтаутас Васюлиспен кездесті деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы алдымен елшіні 11 наурыз – Литваның тәуелсіздігін қалпына келтіру күнімен құттықтап, халқына бейбітшілік тіледі. Мұнан соң екі ел арасындағы сенімді әріптестіктің облыстағы салмағын арттыру мәселесі талқыланды.

– Қазақстан мен Литва ашық және сенімді әріптестер. Екіжақты байланыстар біздің достық қарым-қатынасымыздың дамуына серпін бере­тініне сенімдімін. Биыл екі ел арасында дип­ломатиялық қаты­настар орнағанына 29 жыл толады. Осы жылдар ішінде біз тарихи көпғасырлық байла­ныс­тарды сақ­тап қана қоймай, тең құқықтық және өзара тиімді әріптестік қа­ғи­даттарын жаңаша құруды үй­рендік, – деді облыс әкімі.

Кездесуде елші Гинтаутас Васю­лис бұл сапар Қазақстан мен Литва арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға бағытталғанын жет­кізді.

– Қазақстан мен Литва бүгінде сенімді әріптестік арқасында сауда-саттықты ұлғайтып, эконо­микалық ынтымақтастық қалып­тастырды. Біз мұны жетілдіруге мүд­деліміз. Сол үшін екі ел ара­сындағы тауар айналымын арт­тырып, Қа­зақстаннан әлеуетті ком­панияларымызға серіктес тап­қы­мыз келеді, – деді Гинтаутас Васюлис.

Облыс әкімі осы жылы 26 млрд теңгеге 105 инвестициялық жобаны іске асыру жоспар­ланғандығын айтып, бұл ретте Литва Респуб­ликасының кәсіп­кер­лері тара­пынан ұсыныс­тар­ды қуана қабыл­дай­тындығын жет­кізді. Елші өз кезегінде Қазақ­стан­ның аграрлық, ІТ және басқа да салаларды жаңа техноло­гия­лармен қамтамасыз ету­­­де бір­лескен жобаларды жүзеге асы­­руға ниетті екенін білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<