«Еңбек жолы» конкурсына қатысыңыз!

7

0

«Еңбек жолы» конкурсын өткізу жө­ніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ең­бек жолы» конкурсын 2026 жылы өт­кізу туралы хабарлайды.

«Еңбек жолы» конкурсы жастар­ды еңбекті құрметтеу рухында тәр­бие­леу, еңбек дәстүрлерін сақтау, кө­бейту мақсатында және үздік еңбек әу­­леттері мен өндірістің қарапайым жұ­мыс­шыла­рын айқындауға мүмкіндік береді.

Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қо­­ғамы» ұранымен Еңбек адамының қо­ғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.

Конкурсқа құжаттар 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады.

Конкурсты өткізу мақсаттары:

1) ұрпақтар сабақтастығын сақтау;

2) еңбек адамдары туралы оң қоғам­дық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;

3) қазақстандықтарда Қазақстан Рес­публикасының экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан отандастарының же­тістіктері үшін мақтаныш сезімін тәр­биелеу;

4) жастарды еңбекке құрметпен қа­рау, еңбек дәстүрлерін сақтау және кө­бейту рухында тәрбиелеу;

5) еңбек адамының қоғамдағы мәр­тебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.

Конкурс 2 (екі) кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық.

Конкурсқа мемлекеттік қызмет­ші­лер­ді қоспағанда, салаға қарамастан кә­сіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңім­паздарын анықтау жөніндегі респуб­ли­­калық және өңірлік комиссиялар ке­ле­сі номинациялар бойынша жеңім­паз­дарды анықтайды:

1) «Үздік еңбек әулеті»:

Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.

Еңбек әулеті – бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе не­мерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі ке­мінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұ­мыскерлер тобы. Еңбек қызметін бә­рінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.

Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қа­ланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағ­дарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс;

2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»:

Бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.

3) «Өндірістің үздік жас маманы»:

Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жыл­дан аспайтын ең белсенді және еңбек­қор өндіріс қарапайым жұмыскері таңда­лады;

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

Конкурсқа қатысушылар екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады:

1) номинация көрсетілген, еркін ны­сан­дағы конкурсқа қатысу туралы өті­нішті;

2) жеке куәліктің көшірмесін;

3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнероликті  (жұ­мыс орны және дағдылары көрсетілген);

4) конкурсант туралы (жұмысы, от­басы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік пре­зентация (Microsoft Power Point форма­тында);

5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кі­тап­шасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама);

6) жұмыс берушіден немесе кәсіп­одақ­тан ұсыным хат.

Бар болған жағдайда (келесі құжат­тар­дың көшірмелері): мемлекеттік не­месе ведомстволық наградалардың, гра­­мота­лар­дың, алғыс хаттардың көшір­ме­­лері білік­тілікті арттыру туралы сер­ти­­фикаттар (бар болса).

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

Конкурсты өткізу мерзімдері: 1 шіл­деге дейінгі мерзімде өңірлік дең­гейде үміткерлерден материалдар мен өтінім­дерді қабылдау;

1 тамызға дейінгі мерзімде «Еңбек жолы» республикалық байқауының об­лыс­тық комиссиясымен өңірлік деңгей­дегі жеңімпаздарды анықтау;

қыркүйекте өңірлік еңбек форумында жеңімпаздарды марапаттау;

10 тамызға дейін «Еңбек жолы» бай­қауының өңірлік деңгейінен жеңімпаз­дардың материалдарын ҚР ЕХӘҚМ-не әрі қарай республикалық деңгейде қа­тысу үшін ұсыну;

1-15 қыркүйек аралығында респуб­ликалық комиссиямен «Еңбек жолы» рес­публикалық байқау деңгейінің жеңім­паздарын анықтау;

қазан айында «Еңбек жолы» конкур­сының жеңімпаздарын республикалық форумында марапаттау.

Нақты   ақпарат   пен  кеңесті келесі мекен-жайлардан алуға болады:

Қызылорда қаласы Бекзатхан Асқар  көшесі 47 мекен-жайында орналасқан Қы­зылорда облысының жұмыспен  қам­туды үйлестіру және әлеуметтік бағдар­ламалар басқармасының 212 каб., тел.: 26-38-20 немесе тұрғылықты жеріңіз бо­йынша аудандық және Қызылорда қала­лық жұмыспен  қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері.

Ескертпе: Конкурсқа өтінімдерді тұр­ғылықты жеріңіз бойынша аудандық және Қызылорда қалалық жұмыспен  қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне тапсыра аласыз.

Еңбек әулеттерiнiң өкiлдерiн, сон­дай-ақ ынталы жас қызметкерлердi, сон­дай-ақ олардың тәлiмгерлерiн кон­курсқа белсендi түрде қатысуға ша­қы­рамыз!