Есірткі армандарды өлтіреді!

471

0

Адамдардың есін кетіріп, арасына іріткі салатын – есірткі! Жас достар, сол үшін де зиянды әдеттен аулақ болғанымыз абзал. Біздің армандарымыз асқақ. Жарқын! Жаңа заманның жарқын ойлы оқушыларымыз. Сондықтан қараңғылыққа емес, жарыққа қарай жүргеніміз дұрыс.

Есірткі адамның арманын ғана емес, өзін, болашағын, жан-жағыңдағы адамдардың ыстық ықыласын қоса жерге жерлеп тастайды. Тұтас ғұмырың бір-ақ тұтам болады. Көлпар арманың көрге айналады. Сол үшін түтіннен қашып, иненің иірімінен алшақ болғанымыз жөн.

Кино, ата-аналарымыз, газетте айтылып жатқан тағдырлардан біздің бала жүрек шошынары хақ. Әйтсе де өз-өзіміздің тазалығымыз бен ұстанымымыз нық болса алар асуымыз алда. Ал, асудан өту үшін шөп-шалаңның шылбырына қол тигізбе, жас дос!

Нұрымбек САЙЛАУОВ,

Ұ.Қараманов атындағы

№262 мектеп-гимназиясының

8 «Ә» сынып оқушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<