«Есірткі армандарды өлтіреді»

211

0

Сурет ашық дереккөзден

Қадірлі дос!

Бүгінгідей технологияның қарыштап дамыған уақытында қоғамда да, оның ішінде адамда да көптеген өзгеріс пайда болды. Айталық, қазір бәрі қолжетімді. Сондықтан ақпараттар ағымы қарқынды дамып отырған уақытта өзіңе жағымды орта қалыптастыру ауадай қажет, жас дос! Бұл әрине өз орныңды тауып, қатерге ұрынудан сақтайтын бірден-бір әдіс. Ендеше қауіптен сақтануға Үндеу нағыз достың әрекеті деп қабылдарсың.

Достар!

Осы ретте ғасыр дертіне айналып үлгерген есірткіден аулақ болуға шақырғым келеді.

Есірткі армандарды өлтіреді. Себебі, арман – сенің болашағың, ал есірткінің соңы бәрімізге белгілі. Қызығушылықпен басталып, тәуелділікке ұласып кететінін осы бастан білгейсің. Бала күніңдегі қиялдағы арманыңа қол жеткізу жолындағы мақсаттарыңды уақытша ләззатқа алмастырма!

Нашақорлық – ғасыр індеті. Нашақорлық – әлеуметтік ортақ мәселе. Жас дос, есірткіге елітіп, жанбай жатып сөнгенше, асқақ арманымызға адал болайық!

Інжу Жұмабек,

№101 мектеп-лицейдің 7-сынып оқушысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<