Есірткісіз өмір ғажайып!

526

0

Үндеу

Құрметті замандас!

Әрбір адамның өскен ортасы – жас өреннің келешегін қалыптастырып, өмірлік ұстанымын айқындайтын күш. Келешек кемел, өмір жарқын болу үшін жақсы дос, жағымды орта табу қашанда қажет-ақ. Бұл қате қадам жасамауға септесіп, зерделі шешім қабылдауға ықпал етеді. Себебі, достардың бір-біріне қолдауы, жамандықтан жиренуге үндеуі қоғамды оң сипатқа бастары анық. Сондықтан замандас достарға үндеу тастап, ғасыр дертіне айналған есірткіден аулақ болуға шақырғым келеді.

Есірткі – құрдымға батыратын қасірет. Бұл зиянды зат адамды ақыл-естен ажыратып, денсаулыққа орасан қатер әкеледі. Мұндай шырмауға түскен жан рухани азып, қоғаммен байланысудан қашады. Жан-жағына пессимист көзқараспен қарап, ненің жақсы, ненің жаман екеніне баға бере алмайтын жағдайға жетеді. Сондай-ақ жүйке жүйесі зақымданып, жүрек пен бауыр қатты зардап шегеді. Депрессия құрығына құлап, ұйқышылдыққа шалдығатыны тағы бар.

Міне, осындай олқылыққа жол бермес үшін саламатты өмір салтын сақтап, спортты серік ету маңызды. Әрбір жас есірткіге «жоқ!» деп айтуды үйрену шарт. Қоғам болашағы жастардың қолында!

Назерке АҚЫЛОВА,

Қармақшы ауданы, Төретам кенті,

Жанқожа батыр атындағы N269 орта

мектептің 7-сынып оқушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<