Г.Әбдіқалықова: «Облыста 6 су қоймасы салынады»

621

0

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Президенттің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауының Қызылорда облысында жүзеге асырылуы және өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәлімдеді.

Аймақ басшысы биыл күріштің әр гектарына 61,8 центнерден өнім алынып, қамбаға 550 мың тоннадан астам өнім жиналып, жоғары көрсеткішке жеткендерін айтты. Сыр елінен алғаш рет Германияға 420 тонна қамыс, Ресейге жаңа піскен қызанақ пен мұздатылған көкөніс жөнелтілді. Жалпы әлемнің 17 еліне ауыл шаруашылығы өнімдерінің 11 түрі экспортталды.

-Күріш дақылдарын тұрақтандыру және суды аз қажет ететін дақылдарды кеңейту туралы шешім қабылданды. Қазіргі заманғы суару жүйелеріне: аквагельдерге, жаңбырлату, тамшылау жүйелеріне назар аударылады. Жаңақорған ауданында алғаш рет аквагельдерді пайдалана отырып, күздік бидай 80 га егілді, бұл орта есеппен 18 ц/га жинауға мүмкіндік берді.

Көлемі 2,3 млрд. текше метр 6 су қоймасын салу жоспарлануда. Сонымен қатар, Қызылорда және Әйтек су тораптарын қайта құру, Жиделі су қоймасын жөндеу, Жалағаш ауданындағы ирригациялық және дренаж жүйесін жетілдіру бойынша ірі жобаларды іске асыру басталды,-деді облыс әкімі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<