Иманбек әкім ұсынған 2 миллион теңгеден бас тартып, қаражатты қайырымдылыққа аударды

520

0

Грэмми сыйлығын алған Иманбек Зейкеновті Ақсудағы жерлестері құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында Зейкенов өзінің туған жері Ақсудан кетуді жоспарламағанын атап өтті. Ол үйде музыкамен айналыспақ.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың тапсырмасы бойынша Иманбекке музыкамен жақсы жұмыс жасауға арналған құрал-жабдық сатып алу үшін екі миллион теңге сыйға тартылды.

Алайда диджей мұндай сыйлықтан бас тартып, ақшаны қайырымдылыққа аударды. Ақсу қаласының қоғамдық кеңесі де ақшалай сыйлық табыстады.

Айта кету керек, 15 наурызда қазақстандық танымал музыкант Иманбек Зейкенов (Иманбек) америкалық әнші SAINt JHN-дің «Roses» әніне жазған ремиксі үшін Грэмми сыйлығын алғаны белгілі болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<