Инновациялық құндылықтар жөнінде дәріс берді

469

0

Фото: автордан

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, экономика және құқық институтының философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер секциясының қауымдастырылған профессоры, саяси ғылымдарының кандидаты М.Ө.Насимов оқу орнының «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Экономика», «Есеп және аудит», «Қаржы» білім беру бағдарламаларының 2 курс студенттеріне «Инновациялық құндылықтарды түсінуге және қабылдауға ықпал ететін 10 негізгі фактор» тақырыбында ашық дәріс оқыды. Ашық дәріс Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырып отырған «Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі дәстүрлі және инновациялық құндылықтар үдерістерін мәдени талдау» ғылыми жобасы аясында алынған кейбір нәтижелер төңірегінде өрбіді.

Баяндамашы кіріспеде инновациялық құндылықтар адам мен қоғамның инновация тұжырымдамасына қатысты нұсқаулары мен сенімдерін білдіретін ұғым екендігін айтты. Студенттерді инновациялық құндылықтардың бірнеше басты қағидаларына назарын аудартты. Айтылған қағидалар қоғамның өзгерістерге бейімделуі, бәсекеге қабілетті болуы және түрлі салаларда прогреске жету қабілетіне әсер ететіндігі баяндалды.

Инновациялық құндылықтарды түсіну және қабылдау жеке сенімдер, ұйымдастырушылық мәдениет және әлеуметтік әсерлердің үйлесімін қамтитындығы айтылып, ықпал ететін 10 негізгі фактор дәйектелді: білім және хабардарлықтың маңыздылығы; жұмыс орнындағы мәдениеттің дұрыстығы; шынайы көшбасшылықтың қалыптасуы; тәлімгерлік пен өнегелі үлгілерді көрсету; әлеуметтік желілер мен құрдастардың ықпалы; бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпараттың әсері; жеке тәжірибе ерекшеліктері; ынталандырулар мен марапаттаулардың қолдануы; мәдени және әлеуметтік нормалардың ерекшеліктері және экологиялық контексттің әсері.

Аталған 10 фактор инновациялық құндылықтарды түсіну және қабылдаудың динамикалық процесс екенін дәлелдейтіндігі тұжырымдалды. Осы процесс ішкі түрткіні, сыртқы ықпалды және қолдаушы ортаны қажет ететіндігі айқындалды. Экономикалық құндылықтар арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізудің тұрақты даму үшін маңыздылығы студенттер арасында талқыға түсті. Ғалымның пайымдауынша, дәстүрлі экономикалық құндылықтар тәуекелден бас тартуға басымдық берсе, инновациялық құндылықтар тәуекелді қабылдауға және өсуге басымдық береді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<