Инспекцияда жаңа басшы

586

2

Нұрмағамбетов Марат Жалпақбайұлы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысы болып тағайындалды.

Бос әкімшілік лауазымдарына орналасу конкурсының қорытындысы бойынша Марат Нұрмағамбетов Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар Министрінің келісіміне сәйкес, министрліктің аппарат басшысының 6 сәуір, 2021 жылғы №183 бұйрығымен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысы болып тағайындалды.

Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

Марат Нұрмағамбетов 1965 жылы 16 тамызда Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында 2014 жылдан бастап қызмет атқарады.

«СБ» ақпарат

Пікірлер:

Пікір жазыңыз