Электрондық билет: Төлем қалай жасалады?

1428

0

  Қазір «Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктерге электрондық билеттік жүйесін орнату» жобасы іске асырылып, «ALEM PAY» компаниясы арқылы «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің 89 автобусына терминалдар мен валидаторлар орнатылды.

«ALEMPAY» (Алемпэй) ЖШС-і электронды төлемді халыққа ынталандыру жөнінде жұмыстар атқаруда.

Төлем түрлері:

  1. Банк картаңызды 2505 нөмеріне тіркеу арқылы
  2. СМС хабарлама жіберу арқылы 2505 нөмеріне
  3. QR код арқылы Менің Билайным
  4. Менің активім қосымшалары арқылы
  5. SMSBUS жүктемесі арқылы төлем жасау
  6. Қолма-қол төлем
  7. Көлік картасы арқылы

       Биыл қазан айының 1-нен бастап Beeline ұялы операторы арқылы смс төлем немесе «Менің Билаиным» жүктемесі арқылы төлем жасағанда 10 тг жеңілдік беріледі. Бір тәулікте 2 төлем жасауға болады.

      Қыркүйек айының 10-шы жұлдызынан бастап Beeline ұялы операторы арқылы смс төлем немесе Менің Билаиным жүктемесі арқылы төлем жасағанда 45 тг жеңілдік. Бір тәулікте 2 төлем жасауға болады.

      Қыркүйек айының 10-шы жұлдызынан бастап төлем карталары ересектерге 400 тенге, оқушыларға 350 теңгеге арзандады.

     Қыркүйек айының 10-шы жұлдызынан бастап төлем карталары арқылы жол ақысын төлеу ересектерге 85 теңгеге 10 қазанға дейін жеңілдік.

     Ұялы смарфондарыңызға «SMSBUS пассажир» жүктемесін орнатып, электронды төлем аппараттары орнатылған бағыттар туралы қажетті ақпарат онлайн режимде көре аласыз. Яғни, қажетті бағыттың қайда келе жатқандығын, қанша көлік жүргендігін, сіз тұрған аялдамада жақын маңайда қандай бағыттар келе жатқандығын бақылай аласыз.

Төлем карталарын қаламыздың 6 сатылым орындарынан ала аласыздар:

  1. Арай Сити Молл, Кәусар сату бұрышы;
  2. Ақпейіл супермаркеті, Тасбугет кенті Есенов 16;
  3. Қанат оптомаркеті, Ақмешіт 9А;
  4. Океан Сити супермаркеті, Хон Бен До к-сі, Аксесуары сату бұрышы;
  5. Глобус бизнес орталығы, Мұратбаев к-сі 2А;
  6. Аксессуары дүккені Мерей 2;
  7. Пирамида дүкені, Ақмешіт 26, Кеңсе тауарлары сату бұрышы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<