Энергетика министрі көлікті сұйытылған газға ауыстырмауға кеңес берді

302

0

Бүгін Астанада өткен брифингте Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазақстандықтарға көліктерін сұйытылған газға ауыстырмауға кеңес берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алмасадам Сатқалиев қазан айындағы көрсеткішті мысал ете отырып, елімізде газ тұтыну көлемі артқанын атап өтті. «Жыл басында біз 124 мың тонна сұйытылған мұнай газын өндіріп, ішкі нарыққа жеткізуді жоспарлаған едік, алайда қазан айында тұтыну көлемі 144 мың тоннаны құрады. Бұл – жоспарлағанымыздан 20 мың тоннаға артық. Жеткізуді жүзеге асыру үшін Теңізшевройл компаниясымен күрделі келіссөз жүргізуге тура келді», – деді ол.

Министрдің айтуынша, сұйытылған мұнай газының бағасы нарықтағы бағаға сай емес, шығыны көп, бұл өндіріс көлемінің аз болуына әсер етеді. «Қазақстанда ең төменгі баға, бұл көпке созылмауы керек. Біз барлық автокөлік жүргізушісіне көліктерін сұйытылған мұнай газына ауыстырмауға кеңес береміз, өйткені бағаның өсетіні сөзсіз. Министрлік бағаның күрт өсуіне жол бермейді, бірақ экспорт тапшылығы байқалған жағдайда автогаз бағасы экспорттық бағаға сай болады», – деді Алмасадам Сатқалиев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<