Кәсіпкерлер біліктілігін көтерді

429

0

Қызылордада 12 қыз-келіншек «Мен кәсіпкер» жобасының «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» бағыты аясында біліктілігін көтеруде. Жобаны облыстық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырып жатыр.

Алдымен мамандар кеңес беріп, олардың қажеттіліктерін анықтады. Жобаға қатысушы қыз-келіншектердің сұранысына сәйкес маусымнан бастап арнайы бекітілген нақты салалар бойынша жұмыс жүргізілуде.

– Жыл соңына дейін жүргізілетін оқытуда біз кәсіпкер кездесетін салалардың басым бөлігін қамтуға тырыстық. Атап айтқанда, кәсіпті жүргізуге психологиялық дайындықтан бастап, қаржы сауаттылығы, маркетинг, сөйлеу шеберлігі, бухгалтерлік есеп, серіктеспен, мамандармен, кәсіпкерлік саласындағы заңнамалармен жұмыс жүргізуді үйретеміз, – дейді жобаның менторы Наталья Мишукова.

Кезекті кездесуде «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиал басшысы Ләззат Бақтыбаева кәсібін енді бастап жатқан қыз-келіншектерді кәсіпкерлік саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілермен, заңдармен таныстырып шықты.

Бизнесті жүргізгенде кәсіпкер тұтынушылары мен өзге де ұйымдардың алдындағы міндеттерімен бірге өзінің құқын жақсы білуі тиіс. Заңды білмеген жауапкершіліктен құтқармайтынын ескерте келе, кәсіпкерлік саласындағы маңызды нормативтік құжаттарды талдап, түсіндіріп берді.

Жобаға қатысушы қыз-келіншектер ментормен жұмыстың нәтижесінде кәсібінде алғашқы нәтижелерге де қол жеткізе бастады. Олар сауда орындарымен келісіп, өнімдерін қоюға мүмкіндік алуда.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<