Келісім шарт уақытылы орындалу қажет

305

0

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Әліби Байнахатов «Жалағашсушар» өндірістік учаскесімен суға жасалған келісім шарттың орындалуы бойынша бірқатар шаруа қожалық басшыларымен кездесті.

Кездесуде Әліби Байнахатов егілген егінді күтіп баптауға аудандағы 172 шаруашылық құрылымы «Жалағашсушар» өндірістік учаскесімен 474,9 млн. теңгеге суға келісім шартқа отырып, шаруашылықтар тарапынан бүгінгі күнге 293,3 млн. теңге немесе 62% төленгенін жеткізді.

Сондықтан қысқа мерзімде аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, шаруашылықтар жиналған өнімдерін сатып, су жеткізіп беру қызметіне берешек қарыздарын толық төлеуді тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<