Кенттің келбетін келісті етуге бағытталған жобалар көшпелі кеңесте талқыланды

242

0

ФОто: Шиелі ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Нұржан Ахатов аудандық мәслихат депутаттарымен бірге кенттегі биыл іске асыру жоспарланған теміржол вокзалының алдын абаттандыру, Тәуелсіздік көшесінің бойына аллея орнату, қоқыстардың шашылып жатпасы үшін арнайы жабық қоқыс контейлерін орнату сынды бірқатар жобалармен танысып, өзгертуді қажет ететін тұстарын атап өтті.

Алдымен, теміржол вокзалының алдына барып, абаттандыру жоспарымен танысты. Әрі, жобаны іске асыру барысында теміржол вокзалының аялдамасына тұрақтайтын көліктерге кедергі келмеуі басты назарда болу керектігі айтылды.

Мұнан соң, Тәуелсіздік көшесінің бойындағы аллеяның жобалық жоспары қаралып, тұрғындардың бос уақыттарында тынығуы үшін кент аумағында аллеяларын санын жыл сайын арттыру керектігі сөз болды.

Сонымен қатар, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын тиімді үйлестіру үшін биыл тамшылатып суғару әдісі қолданылмақ. Яғни, арнайы биогумус органикалық тыңайтқышы қосылған су толтырылған бөшкелермен әрбір көшеттің тамырына су берілетін болады. Бұл арқылы көшеттердің өсімін арттыру көзделіп отыр.

Жалпы, көшпелі кеңес барысында кентті көркейтудің алдағы жоспарлары пысықталып, кем-кетік тұстары айтылды. «Келісіп пішкен тон келте болмайды» демекші, мұндай ақылдасып жасалған жұмыстардың жемісті боларына сенім мол.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<