Кітапхана қоры толықты

366

0

Кітап – адам жанының рухани азығы, адамгершіліктің қайнар көзі, өмір айнасы, тарих шежіресі, өнер, білім бұлағы. Кітап – адам жанын нұрға бөлейтін асыл қасиетке ие.

Осыған орай, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 кітапханасы 285 дана жаңа кітаппен толықты. Әдеби кітаптарды Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы тарту етті.

– Мекемеде бас бостандығынан айырылған азаматтармен тәрбиелік мәні бар шаралар жүйелі жүргізіледі. Тәрбиелік ықпал ету жұмыстарының бір бағыты ретінде сотталған азаматтардың білім және мәдени деңгейін арттыру қарастырылған. Мекемеде сотталған азаматтарға арналған кітапхана жұмыс жасайды. Кітапхана қорында 1500-ге жуық кітап бар. Жазасын өтеушілер ішкі күн тәртібіне сәйкес, мекеме кітапханасынан қажетті кітаптарды оқи алады. Оның ішінде қазақтың ұлы ақын жазушыларының, орыстың классик жазушыларының роман-повестері бар. Кітап оқитын сотталғандардың саны өскен. Кітап оқу ой-өрісіңді дамытып, болашаққа деген сенім пайда болып, өзінді тануға көмектеседі. Кітапхана қорын кітаппен толықтыру, жаңалау мекеме әкімшілігінің үнемі назарында», – дейді жасақ бастығы әділет капитаны Сұлтан Айғара.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<