Көкпар додасының дүбірі

510

0

Бүгін Қазалы ауданы, Қ. Пірімов ауылында жылқы дүбірі естілді. Себебі, аталған ауылда Қазалы ауданының 95 жылдығына орай қазақтың ұлттық ойыны – көкпардан аудандық жарыс ұйымдастырылды.

Дүйім жұрт бас қосқан додаға арнайы барған аудан әкімінің орынбасары Дәурен Оңғарбайұлы алғы сөз сөйледі. Бұдан соң көкпарға салынатын серке дайындалып, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлепберген Тілеуқабыловтың батасымен білікті жігіттердің ойыны басталды.

Аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен өткен жарыстың жүлде қоры – 400 000 мың теңгені құрап, ат спортының ережесіне сәйкес жаппай салым болды. Яғни, әрбір салым 10000 мен 50000 теңгенің аралығын құрады.

Айта кетейік, ойынға Әйтеке би кенті, Құмжиек, Жалаңтөс батыр, Бекарыстан би ауылдары және Қызылорда қаласынан шабандоздар келіп, 20 жылқы әкелінді.

Қазалы ауданы әкімінің

баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<