Көп балалы ана цех ашты

660

0

Қазіргі таңда құрылыс саласында бірде-бір ғимарат пластикалық өнімсіз салынбайды. Себебі пластикалық бұйымдар ұзақ жылдарға дейін өңін бермейді, ыстық пен суыққа төзімді. Сондықтан болар сұранысқа қарай пластик өнімдерін шығаратын цехтар көптеп ашылуда.

Қазалы ауданының орталығынан шалғай орналасқан Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаев атындағы ауылда дәл осындай шағын цех іске қосылды. Көп балалы ана Гүлиза Аязбаева кәсібін бастау үшін мемлекеттік бағдарламаның игілігін көрді.

– «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 2 млн теңге мемлекеттік қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, жаңа құрылғыларды сатып алдым. Осылайша аз ғана уақыттың ішінде жұмысымызды бастап кеттік. Бізге негізінен жеке адамдардан тапсырыс түседі. Әсіресе, үй салып жатқандар жиі хабарласады. Біз тұтынушының талғамына сай, терезені сапалы етіп салуға тырысамыз. Өнімнің сапасы жақсы болса, тұтынушы риза болады. Ал тұтынушының көңілінен шығу – біз үшін үлкен мәртебе. Олар бір-біріне айтып, бізге жарнама жасайды. Осылайша клиенттеріміз көбейеді. Қазір терезе шығарушылар көп. Бәсеке мықты. Сондықтан ең алдымен сапаға мән береміз, – дейді Гүлиза Аязбаева.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<